Түркістан облысында 2023-2024 жылдары 12 спорт нысаны ел игілігіне берілді. Ол үшін 14 млрд. теңгеге жуық қаржы қаралған. Қазынадан қаражат бөлініп, салынып жатқан құрылыс жұмыстарының барысын облыс әкімі аппаратының басшысы бақылап қайтты.
Түркістанда былтырдан бері 12 спорттық нысан пайдалануға берілді. Ол үшін қазынадан 14 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінген. Соның бірі заман талабына сай Теннис орталығы. Мұнда жастар үлкен теннис, үстел теннисі және бадминтонмен шұғылдана алады. 5 мың шаршы метр аумаққа салынған мекеме жұмысын облыс әкімі аппаратының басшысы тексеріп қайтты.
«Мұнда шынымен 150 бала келеді ме? Кесте бойынша тексеру керек. Мұны арнайы қарауға тағы да келемін. Бақылаума аламын. Мұнда спортшылар қалай жатығады. Салқындатқыш қоймапсыздар», — дейді облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов.
Сонымен қатар, Еркеғали Әлімқұлов Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде атқарылып жатқан жұмыстарды да бақылады. 1000 адамға шақталып салынып жатқан нысанның аумағы 1,8 гектарды құрайды. Ғимаратта спорт және жаттығу залдары, 8 киім ауыстыратын бөлме, жуынатын бөлмелер, конференц-зал, асхана, медициналық көмек көрсету кабинеті қаратырылған.
Ал бұл ғимаратты жеке инвестор өз қаражатына салдырған. 1,5 млрд теңге жұмсалған 2 қабатты кешеннің ерекшелігі мұнда пара спортшылар үшін де жағдай жасалған. Толықтай қыркүйек айында ел игілігіне берілетін нысанда қазірді өзінде футболдан ынталандыру ойындары, жолдастық кездесулер өтіп жатыр.