Адам саудасына қатысты заң күшейеді

132
фото: Polisia.kz.

Елімізде интимдік массаж жасайтын салондар мен веб-камера арқылы жезөкшелік ұйымдастырушыларға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше президент “Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” заңға қол қойған. Енді мұндай қызмет көрсететін жандар жарнама мен үгіт-насихат көрсетсе де, жауапқа тартылады. Тіпті бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған. Заң ағымдағы жылдың қыркүйек айында күшіне енеді.

«Қылмыстыөқ кодекстің бірнеше бабына өзгеріс енді. Атап айтатын болсақ, 122 бапқа 1 тармақ қосылды. Ол жерде көрінеу кәмелетке толмаған тұлғаның жезөкшелік қызметке пайдалану, сол сияқты сексуалдық қызметтерге қолдануға қылмыстық жауапкершілік қарастырылды», — дейді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Нұрбол Ашақұлов.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа құжатта «адам саудасының құрбаны», «адам саудасының ықтимал құрбаны», «адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілері» және басқа да ұғымдар қарастырылған.