Ауылдағы ерекше балабақша бүлдіршіндерді еңбекке баулып жатыр

14
фото Қазақстан.тв

Түркістан облысында ерекше балабақша бар екен. Мұнда бүлдіршіндерді тек ойнатып, оларға білім беріп қана қоймайды. Сонымен қатар, еңбекке де баулиды. Мектеп жасына дейінгі қыз балалалар тігіс пен ас әзірлеуді үйренсе, өзгелері саз балшықтан бұйымдар жасайды.

Бұл қамыр жайып отырған кішкентай қыздар Келес ауданындағы балабақшаның бүлдіршіндері. 5 жастағы қыз балалар асхана орталығында тәттілер пісіруді үйреніп жатыр. Сондай ақ олар балабақшада тігін тігуді де меңгереді. Ол үшін кішкентайларға арналған арнайы тігін машиналары бар.

Азиза Маратқызы, тәрбиеші:
«Тігін орталығында балаларды қарапайым тігістерге, алжапқыш, орамала тігуге үйретеміз. Басында балалар қиналды, ептей алмай. Кейін кейін қолдары үйреніп, тігінді жақсы тігіп кетті игеріп».

Балабақшаның тағы бір ерекшелігі мұнда бүлдіршіндер саз балшықпен жұмыс істеп, қол қимылын ширатады. Түрлі пішіндегі қыш құмыралар мен ойыншықтар жасап, оны өздері бояйды. 5 жасар Алтынай Оразбай саз балшықпен жұмыс істеуді жақсы меңгеріп, қазір тіпті бұйымдарын байқауларға ұсынып жүр екен.

Алтынай Оразбай, балабақша бүлдіршіні:
«Құмыра жасағаныма бір ай болды. Маған құмыра жасаған ұнайды. Осы күнге дейін бес құмыра жасадым. Құмыра жасау қиын емес».

Бүлдіршіндердің көнеден келе жатқан қыш өнерін үйренуге деген қызығушылығы мол. Өз кезегінде педагог психолотар құмыра жасау әсіресе аутизм сияқты дертке шалдыққан балаларға пайдалы дейді.

Бибігүл Сейдахмеова, психолог:
«Аутизммен ауыратын балалардың зейіні бірдеңеге бағытталған. Балаға бір жұмысты беріп, бағыттап қойсаңыз, бала күнделікті өзі келіп, ары қарай істеп кете алады. Баланың сөйлеуге қабілеті дамиды».

Балабақшаның оқу бағдарламасына «ақсүйек», «шаңырақ», «бес тас», «асық» сияқты ұмыт бола бастаған ойындар да енгізілген. Осылайша бүлдіршіндер бақытты балалық шақ аймағында еңбекке де ерте үйреніп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп тәрбиеленіп жатыр.