Шымкентте «ауызашар» өткізем деп радикалды ұйымға үгіттеген топ мүшелері құрықталды.
Олар осылайша өз жақтастарын көбейтуді көздеген. Құзырлы орган тінту барысында олардан тыйым салынған діни кітаптар, қолжазба, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбукты тәркіледі. Қазір күдіктілердің үстінен ҚР ҚК-нің 256-бабы1-бөлігімен және 259-бабы 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдарын бастаған.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында 22 тұлғадан тұратын «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымын анықтады», — дейді Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма аға прокуроры Жанерке Атықаева.