Ер адам мешітке масаң күйде кіріп, телефон ұрлаған

14
фото ҚР ІІМ
фото ҚР ІІМ

Шымкентте ер адам масаң күйде мешітке барып, телефон ұрлаған. Күдікті қаладағы құлшылық үйлерінің бірінде екі бірдей азаматтың ұялы телефонын қолды еткен. Тіпті кішкентай баланың қолындағы гаджетін алдап иемденген.

Бағлан Исатаева, Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы:
«Полиция оны мас күйінде кезекті рет ұрлық жасаған кезде ұстады. Тәртіп сақшылары телефондарды заңды иелеріне қайтарды. Ұсталған ер адамға қатысты тергеу жүргізілуде».