Индустриялық аймақтағы өрттен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

148

Шымкентте қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, «Ордабасы» индустриялық аймағында шыққан өрттен соң ауруханаға түскен екі науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты. Алаңдауға негіз жоқ.

Қалалық әкімдіктегілер төтенше жағдай кезінде жедел жәрдем қызметі, сонымен қатар эвакуациялық орталықтарда дәрігерлер жүйелі жұмыс атқарғанын айтты. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде ауыр халге түскен науқастар тіркелмеді.

Оқыс оқиға болған аумақта 10 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етті. Тұрғындар эвакуацияланған орындарда емхана дәрігерлерімен кезекшілік ұйымдастырылды.

Еске салсақ, кеше 27 шілдеде сағат 11.35-те индустриялды аймақтағы KMG Supple Company ЖШС аумағында техникалық газ қабыршақты күкірт жанып, өртке ұласты. 28 шілде таңғы сағат 05:30-да өрт толығымен сөндірілді.

Оқиға кезінде 10 адам ауруханаға жүгініп, оның екеуі ауруханаға жатқызылды.

(Фото: istockphoto.com)