«Көл» демалыс аймағы қайта пайдалануға берілді

114

Жылдар бойы қараусыз қалған демалыс аумағы заманауи талапқа сай абаттандырылып, халықтың серуен алаңына айналып отыр. Қала әкімінің тапсырмасы  аясында нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Әкімдіктің мәліметінше, көлдің түбі тазаланып, айналасы абаттандырылды.  Көгалдандырылған аумаққа озық үлгідегі жарық жүйелері жүргізілді. Су қоймасы толтырылып,  субұрқақтар іске қосылды. 950 шаршы метрге  бетон төселіп, 350 шаршы метр гранит жаңаланған.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа нысанда болып, көпшіліктің қуанышымен бөлісті. Шаһар басшысы тұрғындарды демалыс аймағын таза ұстап,  ұқыпты қарауға шақырды.

Айта кетейік, демалыс аймағындағы реконструкциялау жұмыстары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында атқарылған.


(Фото: Видеодан кадр)