Олимпиададан Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

10
Фото: Olympic.kz.
Нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері  атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 
10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра  Ле қола медальға қол жеткізді. Бұл ел спортшыларының төртжылдықтың басты додасындағы алғашқы жеңісі.Кіші финалда олар Германия құрамасынан басым түсті. Есеп — 17:5.Осылайша, араға ұзақ үзіліс салып мергендер Олимпиада медалін еншіледі.

Айта кетелік, нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері — Ольга Довгун.