Өрт алған аумақтан 300-ден аса адам эвакуацияланды

10
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкентте өрт орын алған аймақтан 364 адам , оның ішінде 200 бала эвакуацияланды.

Көшірілген тұрғындарға ыстық тамақ ұйымдастырылған. 258 адам, оның ішінде 141 бала туыстарының үйіне орналасты.

Осы сәттерде ТЖМ құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инертті материалдарды төсеу
және газсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.

Төтеншелік ердің сөзінше жалынды сөндіру жұмыстарын күкірттің тотығуы қиындатып жатыр. Өрттің алдын ала ауданы 1200 шаршы метрді құрайды.

Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылып, жұмыс істеп жатыр. Онда 120-ға жуық адам және 40-тан астам бірлік техника, ҚТЖ-ның 1 пойызы жұмылдырылды.