«ПетроҚазақстан» компаниясы қызметкерлеріне түрлі жеңілдіктер қарастырған

14
Фото: Отырар.кз

«ПетроҚазақстан» компаниясы қызметкерлерін түрлі жеңілдіктермен қуантып отырады. Кәсіподақ басшылығы жұмысшылардың балаларын да назардан тыс қалдырмайды. Балақайлар жыл сайын компания есебінен жазғы лагерьлерде дамалады.

Лагерьге бару — балалар үшін жазғы демалысты көңілді өткізудің бір түрі. Бұл жай ғана демалыс орны емес, нағыз шытырман оқиғаларға толы қызықты мекен. Жазира Жұмаділ «Машат» балаларды сауықтыру лагерінің демалушысы. Ол мұнда «ПетроҚазақстан» компаниясының жолдамасы арқылы келген.

Жазира Жұмаділ, лагерь демалушысы:
«Менің әкем «ПетроҚазақстан» компаниясында ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. «ПетроҚазақстан» компаниясы ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жұмысшылардың бала-шағаларын осы «Машат» лагеріне жібереді. Сондықтан мен «ПетроҚазақстан» компаниясына алғыс білдіремін».

«ПетроҚазақстан» компаниясы қызметкерлеріне әрқашан түрлі жеңілдіктер қарастырып отырады. Зауыт басшылығы жұмысшылардың балаларын да назардан тыс қалдырмайды. Жыл сайын компания бүлдіршіндерге тау бөктеріндегі демалыс аймағына жолдама береді.

Индира Аралбаева, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС PR маманы:
«Біздің «ПетроҚазақстан» компаниясы қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға көп көңіл бөледі. Сондықтан біз жыл сайын қызметкерлеріміздің балаларын жазғы лагерлерге жіберіп отырамыз. Бірнеше жылдан бері осы «Машат» лагерімен жұмыс істейміз. Мұнда бір келген балалар, келесі жылы қайта келгісі келеді. Сондықтан біз жыл сайын жолдама санын арттырып отыруға тырысамыз».

«ПетроҚазақстан» компаниясы жыл сайын қызметкерлеріне де сауықтыру орталықтарына жолдама беріп отырады. Яғни, еңбек демалысы кезінде зауыт жұмысшылары емдеу орталықтарында ем алады. Осылайша кәсіподақ қызметкерлер үшін де олардың балалары үшін де бар жағдайды жасап отыр.