Қараусыз жайылып, жасыл желекті бүлдірген мал иесіне айыппұл салынды

34
фото АҚӘБҚ

Арыс қаласындағы Ардагер көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй ауласында қараусыз жайылып жүрген төрт-түлік мал туралы хабарлама түскен болатын. Үй жануарлары үй ауласына отырғызылған жасыл желектерді жеп, қоқыс контейнерлерін шашып тастаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша бұл алғаш рет емес.

Оқиға орнына дереу жеткен жергілікті полиция бөлімі қызметкерлері қараусыз мал иесін сырғасы арқылы анықтады. Жасыл желекті бүлдірген мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Қала әкімдігі және аудандық полиция бөлімі жасыл желекті қорғау мақсатында тұрақты түрде рейдтік шаралар өтіп тұратындығын, құқықбұзушылық анықталған жағдайда қатаң шаралар қолданатын ескертеді.