Қоғам мен бесік тыныштығына жауапты болып жүрген погонды әйел

18
Фото: Отырар.кз

Ішкі істер саласында ерлермен қатар қызмет атқарып жүрген әйел полицейлердің аз емес екені бәрімізге белгілі. Қоғам тыныштығын күзету, оны асқан жауапкершілікпен атқару оңай емес. Себебі бұл саланың жауапкершілігі ерлерге немесе әйелдерге деп те бөлінбейді. Бәріне қойылатын талап пен тәртіп бірдей.

Оксана Фирсова 23 жылдан бері ерлермен қатар ішкі істер саласында абыройлы қызмет атқарып жүр. 4 баланың анасы қоғам мен бесік тыныштығына қатар жауаптымын дейді. Ал полицей әйелдің бұл салаға келуіне анасының қызметі түрткі болған екен.

Оксана Фирсова, Әл-Фараби АПБ-ның инспекторы:
«Менің анам да кезінде осы жерде жұмыс істеген. Ал әкем әскери қызметте болған. Мен анамның жұмысына келіп, оны көріп, мен де осы саланы таңдадым».

Оксана Әл-Фараби аудандық полиция басқармасында жұмыс істейді. Бұл орында 102 номеріне келіп түскен қоңырауларға жауап беріп, тиісті жұмыстарды атқарады.

Оксана Фирсова, Әл-Фараби АПБ-ның инспекторы:
«Менің жұмысым келіп түскен қоңырауларға группаны жіберу. Олардың уақытылы баруын, міндетін атқаруын қадағалап отырамын».

Оксана Фирсова Әл-Фараби АПБ-на күніне 200-ден астам қоңырау келіп түседі дейді. Азаматтардың құқығын қорғай жүріп, мейірімді ана болу погон таққан әйелдің өмірлік миссиясы.