Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің түлектеріне диплом табысталды

3

Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. 370 студент білім алу жолын аяқтап, педагогика саласында мансабын бастауға дайын. Салтанатты шараға арна тілшісі де қатысып, болашақ мұғалімдермен тілдесіп қайтты.

Мерекелік атмосфера, ерекше фотоаймақ, гүлдер мен құттықтаулар. Мұнда Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтіп жатыр. 370 студент білім алу жолын аяқтап, педагогика саласындағы мансабын бастауға дайын. Солардың бірі Муаттар Қорғанбаева. Жас түлек оқу орнының тиісті деңгейде білім беріп қана қоймай, көптеген мүмкіндіктерге жол ашқанын айтады.

Муаттар Қорғанбаева, Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің түлегі:
«Оқу орны бізге көптеген мүмкіндік берді. Мысалы, бізді шетелге алып барды. Мен 1 курстан бастап Англияға оқуға бардым. Тегін алып барды. Англияда бір ай болдық. Экскурсия, лагерь болды. Демалып қайттық. Барлық жас түлектерге алдағы өмірлерінде мақсаттарына жетуіне тілектеспін».

Салтанатты рәсімде үздік студенттердің ата-аналары да назардан тыс қалмады. Оларға алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды.

Shymkent жоғары педагогикалық колледжі білім беру саласында мамандарды даярлаудадығы жоғары деңгейімен танымал. Мұнда студенттер теориялық білім алып қана қоймай, қажетті практикалық дағдыларды да үйренеді. Білім ордасы студенттерге шетелде практикадан өту мүмкіндігін де қарастырған. Оқу процесінде кәсіби құзыреттілікті дамытуға ықпал ететін заманауи әдістер мен технологиялар қолданылады.

Гүлнара Ибрагимова, Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің директоры:
«Биыл бізде алғаш рет қолданбалы бакалавр бойынша «бастауыш білім беру» мамандығының студенттері бітіріп жатыр. Олар осы қолданбалы бакалавриат бойынша біздің алғашқы түлектеріміз. Біз оларға үлкен үміт артып отырмыз. Өйткені олар жоғары оқу орнына түспесе де болады. Түлектеріміз жұмыс істеуге толығымен дайын деп сенеміз.  Кей бітірушілер тәжірибе алмасу барысында жұмысқа орналасуға жолдама алып үлгерген».

Биыл Shymkent жоғары педагогикалық колледжіне 20 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында оқу орны мыңдаған студентке өмірден өз орнын тауып, әрқашан сұранысқа ие мамандық иесі болуға көмектесті.

Shymkent жоғары педагогикалық колледжі

№ KZ35LAA00014412 лиц. 25 .07. 2007 ж. ҚР БжҒМ БСБК БСБД берілген.

Мекен-жайы: Шымкент қ. 8 март көшесі, 22
Тел: 8-7252-50-61-36, 8-701-400-13-63, 8-705-376-00-77
Сайт: shym-college.edu.kz
Email: ukpk_shym@mail.ru
instagram: shym_kolledj

QAINAR KÓZShymkent жоғары педагогикалық колледжі