Шымкентте 15 жастағы қыздардың боди-массаж жасағаны анықталды

28
фото: asianstur.ru
фото: asianstur.ru

Шымкентте 15 жасар қыздар қосымша ақша табамын деп боди-массаж жасаумен айналысқан. Интернетте тарап кеткен бұл видеода мектеп оқушылары ер адамдарға дене массажын жасаған делінген. Бейнежазбада «менің кәмелетке толмаған қызымды осында шақырған» деген әйелдің даусы да естіледі. Ал жазба соңы қыздардың аудиожазбасына жалғасады.

Қалалық полиция департаменті бұл оқиғаның мамыр айында анықталғанын айтты. Бүгінде тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі:
«Аталған факт осы жылдың мамыр айында анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып, полицияға жеткізілді. Бірқатар сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде».