Шымкентте ер адам қызды алып қашып, кейіннен бойжеткен көнбеген соң оны зорлаған деген күдікке ілінді.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктінің туыстары алып қашу туралы хабарды қыздың ата-анасына өздері жеткізген. Ал полицияға болған оқиға туралы жәбірленушінің құрбылары хабарлаған көрінеді. Ішкі істер органдары айтулы дерек бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр
Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі:
«Осы фактіге қатысы бар барлық адам полицияға жеткізілгенін хабарлаймыз. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде».
(Фото: ortcom.kz)