Шымкентте жасыл аймақ 21 мың гектарға ұлғаяды

10

Шымкент 36,4 шақырымды құрайтын 20 көшеге абаттандыру, көгалдандыру жұмысы жүргізіледі.

Қалада газон егумен қатар, 52 345 ағаш көшеті де отырғызылады. Бұл шаһарға көрік беріп қана қоймай, ауаның тазаруына да көп септігін тигізеді. Аталған көшелерді көгалдандыру арқылы жасыл аймықты 385 360 шаршы метрге ұлғайту жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 6 сәуір – 18 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясындағы өңірде жалпыға бірдей қалалық тазалық науқаны бастау алды.

Бірінші «Таза өлке» апталығында (6 – 13 сәуір) қала аумағында санитарлық тазалау жұмыстары барысында көшелер, аяқ жолдар, ирригациялық жүйе, канал мен арық тазаланды. Сонымен қатар, ағаштарды әктеу мен санитарлық кесу жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері мен бұталар отырғызылды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында мердігер мекемелер тарапынан көшелерді тазалауға 50 адамнан тұратын бригадалар құрылып, халық көп жүретін қоғамдық орындар мен аялдамалардың, жол жиектерінің тазалығын тұрақты қамтамасыз ету жұмыстары күнделікті атқарып жатыр.

Қазір, мердігер мекемелер қала аумағындағы қылқан жапырақты ағаштарды жәндіктерге қарсы арнайы препараттармен дәрілеу, жай жапырақты ағаштарды әктеу және арнайы пішін (формовка) беру жұмыстарын тұрақты жүргізуде.

«2025 жылға дейін Шымкент қаласында жасыл аймақты 21544 га дейін ұлғайту жоспарланған. Онда 6,5 млн. дана ағаш-бұталар өсірілетін болады», — дейді Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар.