Шымкенттік әйел күйеуіне бүйрегін берді

110

Шымкентте №1 қалалық клиникалық аурухана базасында 221-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Науқастар ерлі—зайыпты. Донор — әйелі, ал күйеуі — реципиент.

Ер кісі  1 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған. Гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Дәрігерлер ағза алмастыру отасы кезінде 1975 жылғы ер азаматқа әйелінің бүйрегін хирургиялық жолмен салып берді. Медицина қызметкерлері ерлі — зайыптыларға жасалған отаның сәтті өткенін, екі пациенттің де жағдайы жақсы екенін айтты. Науқастар үйіне шығарылды.

«№1 қалалық клиникалық ауруханада кезекті бүйрек трансплантациясы отасы өтті. Операция тірі донорда жасалды. Ол рецепиенттің әйелі. Науқас 1 жылдан бері гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Отадан кейін «жасанды бүйрек» қызметі қажет болмайды. Науқастың өмір сүру сапасы жақсарадыдеп күтілуде»,-деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Сәбит БАЙТЕМІРОВ.

Күрделі отаны бастан өткерген науқас дер кезінде әрекет етіп, өзін ажалдан арашалап қалған ақ халаттыларға алғысын білдірді.

«Бір жыл бойы гемодиализде жүрдім. Осы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек ауыстыру отасын жасады. Жұбайым донор болды. Құдайға шүкір, қазір жағдайым жақсы. Бірер күнде үйге шығамын. Дәрігерлерге көп рақмет»,-деді реципиент Ерлан АСҚАРОВ. 

Автор: Малика Қанжарбекқызы

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)