Шымкенттік дәрігерлер жас жігіттің жүрегін 58 жастағы науқасқа салып берді

93
фото: ТО денсаулық сақтау басқармасы

(Фото: Шымкент қ. денсаулық сақтау басқармасы)

Шымкенттегі “Жүрек” орталығының дәрігерлері жүрек трансплантациясын сәтті жасап шықты. Нәтижесінде жол апатынан қайтыс болған жас жігіттің жүрегі 58 жастағы науқасқа салынды.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар операциядан кейін науқас реанимация бөлімшесіне ауыстырылғанын хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, жүрегі алмастырылған пациент есін жиып, жағдайы жақсарған.

Мәйіттен алынған жүрек трансплантациясы Шымкентте осымен екінші рет жасалды. Бұл жолы орталық мамандары ағза алмастыру операциясын өздері жасаған. Айта кетейік, мұндай жоғары технологиялық операциялар мемлекет тарапынан тегін жасалады.

Бұған дейін 18 жасар жігіт төрт адамға мәйіттік донор болғаны туралы жаздық. Оның ағзасын алуға туыстары заңды түрде рұқсатын берген.

Орта жастағы науқасқа жүрек трансплантациясын  «Жүрек» орталығының дәрігері Дархан Сүйгенбаев, оператор көмекшісі Жасарал Балымов және
анестезиолог Бекжан Перменов жасады.