Созақ ауданында өндірілген өнім көлемі 665 млрд. теңгеге жеткен

17
фото: ТО әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының әкімі Созақ ауданына іс-сапармен барды. Онда Дархан Сатыбалды аймақта салынып жатқан нысан құрылысын бақылап, тұрғындардың шағымына құлақ түрді. Сонмен қатар, кәсіпкерлермен жүздесіп, жергілікті өндіріс саласын дамыту шарасын талқылады.

Түркістан облысының әкімі Созақ ауданына іс-сапармен барды. Онда Дархан Сатыбалды аумақтағы маңызды нысандарды аралап, қазір салынып жатқан құрылыстармен танысты. Мәселен биыл 900 орындық «Жайлы мектеп» ел игілігіне беріледі. Алайда ішкі әрлеу жұмыстары әлі бітпеген. Өңір басшысы ондағы туындағын мәселелерді талқылады.

Білім ошағы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен қолға алынған. Ал инвестор тарапынан жаңа қалашықта 2 пәтерлі 36 тұрғын үй салынып жатыр. Жоба құны 561 млн. 600 мың теңгені құрайды. Әр пәтердің аумағы 70 шаршы метрден асады. Бұл баспана әлеуметтік осал топқа енетін отбасыларға беріледі деп жоспарланып отыр. Өңір басшысы мұндай нысандар аудан орталықтарынан бастап бой көтеретінін айтады.

«Бірінші ауыл орталықтарында саламыз. Өйткені бәріне бірдей қаржы жетпейді. Бізде 2 жарым мыңға жуық пәтерге қаржы бөлініп жатыр. 40-60 пайызы облыс орталығында, қалғаны ауылдық жерге салынады. Ауыл болғанда да аудан орталығына салынады бірінші кезекте. Ал шеткі ауылдардың бәріне қаражат жетпейді. Оның бәрі экономикаға байланысты. Мысалы, Созақ ауданы экономикасын көтеріп отырған тек «Қазатомөнеркәсіп». Ал басқа индустиялық аймақтарға да барып, инвесторларға айтып, қаражат тартып жатырмыз. Бірақ белсенділік аз. Біз кәсіпкерлерді қолдап солардың салығына аудандардың әлеуетін көтермесек, бізде келешек болмайды. Бірінші кезекте бизнес инвестиция тартып, әлеуетімізді көтермесек, тек бюджетпен жағдайымызды жақсарта алмаймыз», — дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Созақта «Ауыл – ел бесігі» аясында 14 жоба жүзеге асқан. Облыс басшысы мемлекетке иек арта бермей, бизнесті дамыту жолын қолға алу керек деді. Сонда ғана жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың жағдайы жақсаратынын жеткізді.

«Қазір әрбір ауданға барғанда маған сұрақ қояды. Каналдарымыз бітеліп қалды, мына жерде мектептеріміз авариялық жағдайда тұр дейді. Қайдан ақша табамын деп, менің басым ауырады шыны керек. Ақша болса аянып тұрған ештеңе жоқ. Сол үшін инвесторларды тартып, солар өз қаржысына соқсын, жұмыс орнын ашсын, салық төлесін бізге деп ыңғай жасап жатырмыз. Соның есебінен біз экономиканы көтереміз. Бізде әлде де мүмкіншілік бар. Жағдай жақсы. Үкімет қолдап отыр. Балабақша, мектеп сынды әлеуметтік нысандарымыз бар. Жеткілікті. Енді бәрін тоқтатып, бизнеске мән беруіміз керек. Бизнесті көтеріп, тұрғындарға жұмыс берсек. Жағдай басқаша болады», — дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Ал мемлекеттік тапсырыс негізінде Шолаққорған ауылында «Спорттық-сауықтыру» кешенінің іргетасы қаланды. 2023 жылдың соңында салына бастаған жобаға 1,8 млрд теңге қаражат бөлінген. Жыл басынан бері оның 200 млнға жуығы игерілген.

Нысандарды аралап, ауданның жағдайымен танысқан облыс әкімі халықпен кездесіп, тұрғындардың өтініші мен ұсыныстарын тыңдады.

«Айтып жатырсыздар халық риза деп. Солай болсын. Бірақ ол біздің міндетіміз. Біз істеу керекпіз. Дегенмен біздің жұмыс істейтін жерлеріміз жеткілікті. Созақққа жастарымыз көшіп келіп, өндірісіміз дамитын болса, сол кезде аудан әкімі жақсы жұмыс істеді деп айтсақ болады. Қазір біз әрекет жасап жатырмыз әрине. Менің айтайын дегенім мұнда өте үлкен жер бар. Қанша млн. бос жер тұр. Мен аудан әкіміне айтып жатырмын. Түрлі елдерге барып тәжірибелерін көріп қайттым. Солардан қарап, мал шаруашылығын дамытсақ болады. База құрсақ болады. Бәрі өзіміздің қолымызда», — дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Созақта былтыр «Ауыл аманаты» аясында 210 жоба қаржыландырылды. Оған 1,2 млрд. теңге қаралған. Осылайша өңірлік өнім көлемі 2021 ден бері 46 пайызға өсіп, 2023 жылдың қорытындысымен көрсеткіш 665 млрд. теңгеге жетті. 4 ауылдық округте ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, олар жеңілдетілген несиемен қамтылған. Соның нәтижесінде 88 млн. 850 мың теңгеге техникалар сатып алынды. Дегенмен кәсіпкерлер тазалыққа баса назар аударса дейін облыс басшысы.

«Коммуналдық техникалар алу керек дейді. Алып береміз, бірақ сіздер де қарауларыңыз керек. Қоқыс тастамауларыңыз керек. Түркістаннан бері қарай, Ашысай шегарасынан өткенде демалыс аймақтары бар. Демалыс аймаққа барғандар қоқыстың бәрін тастап кетіпті. Полиция бақылауға алыңыздар. Таулы аймақтарымыз бар дейміз. Егер қоқыс тастайтын болса, не керегі бар. Демалыс аймағы болса, айналасын тазаласын. Өздеріңіз барып қараңыздаршы. Қандай жағдайда тұр», — дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Аудандағы демалыс аймақтарын сынға алған әкім халықты «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуға шақырды.

«Біз аппараткада әр ауданның кемшілігін суретке түсіріп айтап жатырмыз. Оның не ұялатыны бар. Өзіміз істеуіміз керек. Таза болуымыз керек. Президентіміздің тапсырмасымен «Таза Қазақстан» акциясы құрылды. Тазалық болмаса, келешегіміз болмайды. Таза болса туристер де келеді. Ауылдарға қарап, тұрығындардың қандай екенін көруге болады. Біз әкімдерден сұраймыз бәрін, сіздермен күнде кездесе алмаймын ғой. Сондықтан «Таза Қазастан» акциясына алсалысыңыздар», — дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Жиында облыс әкімі мен басқарма басшыларына бірқатар міндет жүктеп, ауданды дамыту жұмысын ширата түсуді тапсырды.

«Мен келгенде көшенің қиылысына дейін қарап отырамын. Мен оны сұрамасам да болмайды. Мұнда айтып жатыр. Сіз келген соң тазалап жатыр дейді. Онда тазалау үшін мен күнде келіп тұрайын. Сондықтан өтініш акцияға белсене қатысыңыздар. Біз де көмек береміз. Басқа амалымыз жоқ», — дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Ал халықпен кездесуден кейін, іс сапар ірі кәсіпорындар жұмысымен танысуға ойысты. Атап айтқанда, әкім «Қазатомөнеркәсіп-Сауран» өнім шығаратын зауытына барды. Кәсіпорын табиғи уран өндірумен айналысады. 2006 жылы құрылған кәсіпорында қазір 1 мыңнан астам адам қызмет етеді. Олардың 95%-ы – Созақ ауданының жергілікті тұрғындары.

«- Өзіміздің тұрғындар жұмыс істегені жақсы ғой. Біз осында колледж ашсақ. Сонда оқып, студенттер бітірген соң кәсіпорынға жұмысқа кірсе, жақсы болар еді.

— Толық қолдаймын. Бірлесіп колледж ашатын болсақ, біз тапсырыс берейік.

— Бізде колледж бар. Сұраныс берсе, біз дайындаймыз.

— Соны сіздер есептеңіздер. Біз грант берейік, кәсіпорын ішкі грант бөлсін. Сонда конкурент болмайды. Жұмыс жасалады», — дейді жиын барысында.

Сонымен қатар облыс әкімі Таукент ауылындағы «КАТКО» қазақ-француз бірлескен кәсіпорнды аралады. Төртқұдық жаңа зауытының құрылысы мен өндіріс нысандарында болып, жұмысымен танысты.

Кәсіпорын құрамында ураны бар кен және пайдалы қазбаларды өндіру, өңдеу, тасымалдау, сақтау сынды қызмет түрімен айналысады. Мұнда 1300-ден аса адам жұмыспен қамтылған. Оның 50 пайызға жуығы, Созақ ауданының тұрғыны. Айта ктейік, аталған компания 2009 жылдан бері жергілікті экономикаға 4,8 миллиард теңгеден астам инвестиция құйған.