Тұран ауданында 8 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр

57
фото Шымкент қ. әкімінің баспасөз қызметі

Тұран ауданы аумағында 8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр.

Ел Президенті Ұлттық құрылтайда «Сапалы жол жалпыұлттық міндетке айналуы керек. Жолдың сапасы жақсармай, еліміздің дамуы туралы сөз қозғау мүмкін емес», — деп маңызды қалалардағы жолдың жағдайын түзету туралы атап өткен еді.

Сол орайда, Тұран ауданында биыл 18 көшеде құрылыс жұмыстары басталды. Оның ішінде 13 көшеде жаяу жүргіншілер жолы толық салынды.

Олар: Тайманов, Байтулы баба, Дермене, еңбекші, Сымбатты, Үміт, Сарсенбаев, Бектаев, Тәжібай ата,Мөңке би, Жандосов, Татулық және Октябрьская көшелері.

Сондай-ақ, Сұлтан Бейбарыс, Исаханов, Интернациональная, Бәйдібек би және Жаркент көшелеріне де жаяу жүргіншілер жолы салынып, пайдалануға берілетін болады.