Түркістан облысын жылыту маусымына дайындауға 778 мың тонна тас көмір қажет. Оның басым бөлігі жеке тұрғын үйлерге жұмсалады. Сондықтан қысқа дайындық жұмысы пысықталды.
Түркістанды жылыту маусымына дайындау үшін 778 мың тонна көмір қажет. Оның 104 мың тоннасы бюджеттік мекемелерге жұмсалады. Қазір өңірге оның тек 88 мың тоннасы жеткізілген. Мамандар кезекті мәжілісте өңірдің жылу маусымына дайындығын пысықтады.
«Бізде Арыс қаласында 7038, Түркістанда 15870, Отырарда 1518, Ордабасты, 1518, Сайрамда 9798, Сарыағашта 31 000 тонна көміріміз бар. Одан бөлек, Шымкенттен бізге 32 123 тонна көмір келген. Соның ішінде, Шымкентке жақын Ордабасы, Сайрам, Қазығұрт аудандарына сол жақтан алуға мүмкіндік болады», — дейді ТО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбеков.
Халықты қатты отынмен қамту үшін бөлінген қаражат та қомақты.
«Бюджеттік мекемелерге – 104 457 тонна көмір;
Қаралған қаржы — 1,3 млрд. тенге.
Білім нысандарына 86 362 тонна көмір алуға – 1.1 млрд .теңге;
Денсаулық нысандарына 12 398 тонна көмір алуға – 190,7 млн.теңге;
Мәдениет нысандына 3 286 тонна көмір алуға – 60,9 млн.теңге:
Спорт нысандарына 1 758 тонна көмір алуға – 22,4 млн.теңге»
Елдімекендерді көгілдір отынмен қамту, білім ошақтарының қазандығын газ жүйесіне ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Соның нәтижесінде биыл тұрғындардың көмірді тұтынуы 82 мың тоннаға төмендесе, бюджеттік мекемелерде бұл көрсеткіш 36 мың тоннаға азайды. Облыс әкімі әлі аталған жүйеге көшпеген мектептерді 1 қыркүйекке дейін қара отынмен қамтамасыз етуді тапсырды.
«Жылыту маусымында өңірде көмірден ешқандай проблема болмауы тиіс. Мектептер, ауруханалар және өзге де бюджеттік мекемелердің көмірмен қамтылуы қадағалансын. Тасымалдаушы компаниялармен келісімді ерт жасап, тасымалды жеделдетіңіздер. 1 қыркүйекке дейін білім ұялары көмірмен қатылуы қажет. Әр аудан, қала әкімі жылыту маусымына дайындықты қатаң қадағалап, тиістиі жұмыстарды уақтылы атқарсын», — дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Айта кетейік, өңірде мемлекеттік мекемеден бөлек, кәсіпорындар – 4,8 мың тонна, жеке тұрғындар – 386,1 мың, жылыжайлар 282,9 мың тонна көмір тұтынады деп жоспарланған.