Үкімнен жалтарған жігіт Грузияда ұсталды

0
фото ҚР Бас прокуратурасы

Қыз зорлауға оқталғаны үшін сотталған жігіт Грузияда қолға түсті.

Ол 2020 жылы Шымкентте бойжеткенді зорламақ болып, күш көрсеткен көрінеді. Абырой болғанда жәбірленуші ер адамның қолынан қашып құтылған. Күдіктінің айыбы сотта дәлелденіп, 6 жылға сотталған. Дегенмен ол, үкім жарияланар тұста жасырынып, қашып кеткен. Араға 3 жыл салып сотталушы халықаралық іздеу нәтижесінде ұсталды.

«Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады. 2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша грузиялық тарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды», – дейді ҚР Бас прокуратурасының өкілі Әсел Берқалиева.

QAINAR KÓZҚР Бас прокуратурасы