Еліміздің оңтүстігінде +38+45°С қатты ыстық күтіледі.
Бұл туралы қазгидромет мәлімдеді. Антициклонның әсерінен Түркістан мен Шымкентте 8-10 тамыз аралығында күн күрт ысиды. Облыстың кей бөлігінде ауа температурасы 42 градусты көрсетсе, шөлді аймақта 45-ке дейін барады. Сондықтан синоптиктер ескерту жіберіп жатырмыз дейді.
«Алдағы күндері жаңбырдың болмауына байланысты ыстық болады. Түркістан облысында 8-9 тамызда күндіз +37+42°С болса, облыстың шөлді аумағында 45 °С өте қатты ыстық күтіледі. Шымкентте күндік +3+-40 °С қатты ыстық күтіледі», — дейді РМК «Қазгидромет» Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі Әсем Нұрлыбаева.
Дегенмен 10 тамызда таулы аймақтарда ауа температурасы төмендеп, желдің соғуы 15-20 м\с құрайды. Ал әзірге мамандар құрғақ ауа райының сақталуына байланысты өрт шығу қаупі басым екенін жеткізді.