Аяқ киім кремінің ішіне 775 келі есірткі жасырып шекарадан өтпек болған

53
фото ҰҚК Шекара қызметі

Түркістан облысындағы бақылау-өткізу пунктінде аяқ киім кремінің ішіне 775 келі героин салып алған көлік ұсталды.

Ірі көлемдегі есірткіні шекара асырмақ болғандарды ұлттық қауіпсіздік қызметі ұстады. Қазақ-өзбек шекарасында табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны — 15 млн АҚШ долларынан асады.

Қылмысқа күдікті екі шетел азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Аркен Абдуғали, ҚР ҰҚК Ресми өкілі: «Осы жылғы 31 мамырда Түркістан облысындағы Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі. Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті. Оның жалпы салмағы 775 кг құрады. Табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны — 15 млн АҚШ долларынан артықты құрауы мүмкін. Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде».