Адам өлтіру қылмысы үшін іздеуде жүрген шымкенттіктер Мәскеу облысында ұсталды

52
фото ШПД

 

Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел уәкілдері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ресейлік әріптестерімен бірлесіп, кісі өлтірді деген екі күдіктінің жүрген жерін анықтап, құрықтады.

 

Олар өткен жылдың қыс айында таңғы 5:00 шамасында жасырын түрде бөтеннің үйіне кіріп, жеке жақтырмаушылықтан үш ер адамды битамен және темірмен ұрып-соққан. Олардың бірі алған дене жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

 

Қазіргі таңда ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.