2024 жылдың 1-мамырынан бастап 14 санаттағы азаматтар үшін қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған. Бірақ, бұл жолаушыларға көлік карталарын алып жүру міндеттелген. Абай, Қаратау және Тұран аудандарында көлік карталары сатылуда, бағасы 550 теңге.
Tolem картасын қолданушыларға жаңа карталарды алудың қажеті жоқ, себебі олардың карталары жарамды. Avtobys жүйесінің жаңа картасы 10 минутта дайын болады, бұл тегін жүретін қала тұрғындары үшін өте ыңғайлы.
Көлік картасын алу үшін:
1. Жеке куәлік түпнұсқасы.
2. Шымкент қаласының жергiлiктi атқарушы органының мөрi басылған жәрдемақыны алғанын растайтын құжаттың көшiрмесi (түпнұсқа жеке басын куәландыру үшiн ұсынылады).
3. 1 дана 3х4 көлеміндегі фотосурет
4. Өтініш берушінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім беруі талап етіледі.
Көлік карталары төмендегі мекен-жайларда сатылады:
— Тұран ауданы әкімдігі, Байтұлы Баба көш. №12а.
— Абай ауданы әкімдігі, Тәуке хан даңғылы № 3.
— Қаратау ауданының әкімдігі, Бәйдібек би даңғылы № 60.
Tolem карталарын Әл-Фараби, №9 мекен жайынан алуға болады.
Пункттер дүйсенбі-жұма сағат 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.
Колл центр: +7 (775) 007 50 50, +7 (727) 317 47 05