Балаларының түнгі серуені үшін 100-ден астам шымкенттік жауапқа тартылды

26
фото ШПД

Өткен демалыс күндері мегаполистің ювеналды полицейлері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және балалардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүруіне жол бермеу мақсатында рейд өткізді.

Түнгі патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары беймезгіл уақытта көшеде жүрген 140 баланы анықтады. Олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК 442 бабының 2 бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды.
Сондай-ақ, ойын-сауық мекемелерінде болған кәмелетке толмаған 5 бала анықталып, заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 442 бабының 1 бөлігімен хаттамалар толтырылды. Ал, мұндай заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерге әкімшілік кодекстің 132-бабына сәйкес айыппұл салынды.
Полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын еске салады.