ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті.
Шығу тегі белгісіз 80 000 ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды. Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді.