Дәрігерлер әкесі ұрып, реанимацияға түскен 3 айлық сәбидің қазіргі жағдайы туралы айтты

12
әлеуметтік желі

Осыдан бірнеше күн бұрын әкесі қол жұмсап реанимациядан бір-ақ шыққан 3 айлық сәбидің жағдайы тұрақталып, анасы ауруханадан шықты. Дәрігерлер науқас баланы жансақтау бөлімінен палатаға ауыстыруды жоспарлап отыр. Ақ халаттылардың сөзінше баланың жарақаты жазылып, жағдайы жақсара бастаған. Күйеуі ұрып-соққан келіншектің де беті бері қарап, бүгін амбулаторлық емге шығарылды.

Бабур Юсупов, № 1 қалалық клиникалық ауруханасы нейрохирургия бөлімінің дәрігері: «1 тамыз күні азаматша Н. 2001 ж туған жедел жәрдем көмегімен қабылдау бөліміне жеткізілген. Жедел түрде нейрохирургиялық орталыққа жатқызылған. Диагнозы бас миының жарақаты, бас миының шайқалуы, жүктілік 12 апта. Стационарлы емі біткеннен соң бүгін амбулаторлық емге жіберілді. Невропотолог және гинекологтың бақылауында»

Еске сала кетейік, Шымкентте 53 жастағы ер адам ауыр дертке шалдыққан қызы мен аяғы ауыр келіншегін аяусыз соққыға жыққан болатын. Салдарынан жарақат алған анасы мен баласы ауруханадан бір-ақ шыққан. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам қамауға алынды.