Түркістан облысы дезинфекция орталығының басшысы 3 жылға сотталды. Сот мекеме басшысына және жеке компанияның басшысына қатысты үкім шығарды. Дезинфекция орталығының директоры алаяқтық, пара беруге итермелеу және немқұрайлық таныту фактілері бойынша айыпталды.
Ол жүргізіліп жатқан аудиторлық тексеру жөніндегі мәселенің шешімін оң жақты еткені үшін лауазымды тұлғаларға пара беру сылтауымен жеке компания басшысының 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды.
Ал жеке компания иесі пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
Данияр Бигайдаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі: «Сондай-ақ, Төрегелдиев өз міндеттерін тиісінше орындамау нәтижесінде орындалған жұмыстардың актілеріне оны нақты орындалмай қол қойды, сол арқылы мемлекетке 2,2 млн. теңге сомаға залал келтірді. Сот үкімімен Төрегелдиевке 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, Озықбаевқа 7,5 млн. теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сонымен қатар аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ«.