Ер адам екі қызды зорлап, видеоға түсірген деп күдіктелуде

69
ФОТО : Depositphotos

Шымкентте тағы да жаға ұстатаррлық жайт орын алды. Ер адам 15 және 21 жастағы екі қызды зорлап, қылмысын видеоға түсірген. Әлеуметтік желіде әпкелі сіңілі екі қыздың суицид жасамақ болып, қалалық ауруханаға түскені туралы хабар тараған. Алайда, денсаулық сақтау басқармасы қазіргі таңда жәбірленушілердің медициналық мекемеде емес екенін айтып отыр.

Ал, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған күдіктінің бұрын қылмыстық атқару жүйесінде қызмет еткені белгілі болды. Бүгінде аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі: «Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар, күдіктілердің бірі қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің бұрынғы бақылаушысы екенін хабарлаймыз»