Еліктіргіш зат пен жалған ақша сатуға оқталған 2 тұрғын ұсталды.
Мамандар белгісіз азаматтарлардың жасыл түсті шөпті саудаға салғанын анықтаған. Сараптама барысында оның 5 келі гашиш есірткісі екені белгілі болды. Сонымен қатар, күдіктілер қолдан жасалған АҚШ долларын сатуды бизнес көзіне айналдырған көрінеді
«Аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын сату барысында ұсталды. Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді. Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, тәркіленді», — дейді ҚР ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Сезіктілер сот үкімімен кінәлі деп танылып, басты айыпталушыға 11 жыл және сыбайласына 5 жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.