Гір көтеру спортынан шардаралықтар Әлем чемпионатында 11 алтын жеңіп алды

32
фото ТО ӘБҚ

Тамыз айының 20-25 күндері Қырғызстан елінің Чолпан-Ата қаласында гір көтеру спортынан кіші жасөспірім, жасөспірім және жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеде Шардара ауданының спортшылары 11 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлдені иеленді.

Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді атап айтар болсақ:
Серпе көтеруден Кіші жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы Жансанбай Нұрқанат. Жастар арасында Әлем чемпиондары Байдуллаев Бағжан, Қуаныш Ерасыл, Серікбай Нұрбала. Жұлқа көтеруден Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы Данышхан Айдар
Жастар арасында Әлем чемпиондары Шинтанов Бақдаулет, Тұрғанбай Нұрбатыр
Ұзын циклда көтеруден Жастар арасында Әлем чемпиондары Қуаныш Ерасыл, Шинтанов Бақдаулет, Ауесбек Медет, Серікбай Ажар.