Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жартыжылдығының қорытындысы баяндалады

27
фото RSK.Shymkent

2024 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Департаментпен барлығы 54 аудиторлық іс-шара өткізілген, оның ішінде жоспарлы -7, жоспардан тыс – 47 іс шара. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Сүлейменов Нұржан Тілеуқабылұлы баяндады.

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 38,2 млрд теңгені құраған, жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша барлығы 31,6 млрд теңге бұзушылықтар анықталған. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 292,7 млн теңге бюджетке өтелуге жатады, ал 19,7 млрд теңгесі қалпына келтіруге жатады.
Қабылданған шаралармен бұзушылықтардың сомасынан 39,2 млн. теңге бюджетке өтелді, 19,5 млрд теңге қалпына келтірілген.
Ішкі аудит
Бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша 44 аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілген.