Келестегі Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындарына ескерту берілді

31
фото КАӘБҚ

Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округіндегі ішкі көшелердің бойындағы ретсіз шағал тас, топырақ үйінділерін жою, үй құрылысынан шыққан қалдықтарды белгіленген орынға жеткізу бойынша тұрғындарға ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері мен полиция өкілдері тарапынан ескерту берілді. Ескертуге құлақ аспаған азаматтарға айыппұл салынатын болады.

Бүгінде Ақтөбе ауылдық округі аумағында қоршаған ортаны көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі іс-шараларды жандандыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасып келеді.
Сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері белгіленбеген жерлерде қоқыс шығару фактілерін анықтау, полигондардан тыс сұйық қалдықтардың төгілуін болдырмау, абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Бұдан бөлек тәртіп сақшылары құзыретті мемлекеттік органдармен және қоғамдық көмекшілермен бірлесіп, халық арасында әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау және анықтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.