Кентау қаласы Хантағы ауылының тұрғыны Бақытгүл Саттархан үшемдерді дүниеге әкелді. Бұған дейін бір балалы болған Ермахановтар отбасында енді төрт бала тәрбиеленбек. Айта кетейік, үшемдердің екеуі ұл, біреуі — қыз. Оларға Бағым, Аңсар, Аслан есімдері қойылды. Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келді. Олардың бірінің салмағы — 1 480 грамм болса, екіншісі — 1 380 грамм , үшіншісі — 1 280 грамм. Мерзімінен бұрын туған нәрестелер 2 ай бойы дәрігерлердің бақылауында қатаң бақылауында болған. Қазіргі таңда балалардың да, анасының да жағдайы жақсы.
28 жастағы Бақытгул Саттархан және жұбайы 31 жастағы Ерлан Ермаханов тұңғыштарын 6 жыл күткен. Араға бір жыл салып үшемдер туған. Қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова үшемдердің шаңырағына барып, қала әкімінің құттықтауын жеткізіп, сәбилерге арналған сыйлықтарын табыс етті.
Жалпы жыл басынан бері Кентау қаласында 765 сәби дүниеге келген. Оның 18-і егіздер болса, 1-і үшемдер.