Мамандандырылған ХҚКО жарықтың сөнуіне байланысты жарты күн жұмыс істемейді

25
фото ХҚКО

Мамандандырылған ХҚКО жарықтың сөнуіне байланысты жарты күн жұмыс істемейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы 14  тамызда «Арғымақтағы» №2 МХҚКО жөндеу жұмыстарына байланысты 14:00-ден 19:00-ге дейін азаматтарды қабылдамайтынын хабарлайды. «ТҰРАН-АЛМА» ЖШС-нің электр энергиясын жоспарлы ажырату жүргізуіне байланысты қызметтерді көрсету тоқтатылады.

Айта кетейік, бұл күні азаматтар 196 квартал, 381/1 мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған ХҚКО-да автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу, сондай-ақ жүргізуші куәліктерін беру бойынша Мемлекеттік қызметтер қол жетімсіз болады.

Мемлекеттік корпорациясының Шымкент филиалы келушілерден орын алған жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Еске салайық, автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу қызметтерін банктік қосымшалары арқылы рәсімдеуге болады. Сонымен қатар, клиенттер автокөліктерін келесі мекенжайлар бойынша тіркей алады:

— №1 МХҚО – Достық ш.а, 2343/1;

— №3 МХҚО — Қызылжар ш.а, Жеделібайсын көшесі 92 үй, «Бекжан-комфорт» СОО;

— №4 МХҚО – Асар-2 ш.а, 2630. СҮ «TOLEBI»

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз.