«Отырар» телеарнасының «Ойға бай» шоуы жалғасуда

21

«Отырар» телеарнасының «Ойға бай» зияткерлік шоуы жалғасып жатыр. Бұрын-соңды болмаған жобаның кезекті сайысында ой өрісі кең, зерек қатысушылар өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін сынға салды. Зияткерлік шоу бірнеше кезеңнен тұрады. Ал додада өзгелерден оқ бойы озып шыққан алғыр қатысушы автокөлікке ие болады.

Шоудың телеарналық нұсқасын түсіру оңай емес. Мұнда барлығы маңызды. Бірде бір сәт назардан тыс қалмауы шарт. Сондықтан кәсіби мамандар бүкіл ойын барысын түсіруге тырысуда. «Ойға бай» шоудың бұл кезеңінде дәрігерлер мен мұғалімдер өзара бақ сынасып, ой жарыстыруда. Ойын тартысты өтуде. Қатысушылар тек білімін ғана емес, актерлік шеберліктерін де көрсетуі керек.

 

Мұндай шоу аймақтық телеарнада алғаш рет түсіріліп отыр. Жарыс қатысушыларын жақсы нәтиже үшін бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Бас жүлде — автомобиль. Қатысушылар мәреге үздік деген ойыншы өтетініне сенімді. Әділ қазылар алқасы конкурсқа қатысушыларды балл саны бойынша бағалайды.

Азамат Жайынбай, «Ойға бай» шоуының қатысушысы: «Керемет шоу, қатты ұнап жатыр. Команда да құрып қойдық. Ұтып, бас жүлдеге ие боламыз деген ниетіміз бар»

«Отырар» телеарнасының жобасы қаланың өзге де тұрғындарының қызығушылығын арттырып отыр. Қазірдің өзінде қатысуға өтінімдер келіп түсуде. Жоба жаңа жыл қарсаңында өз мәресіне жетеді. Ол кезде супер ойын өтіп, жеңімпаз атанған ойыншы автомобиль иегері болады.