125 жыл бұрын 1899 жылы Қазақстанда алғашқы мұнай бұрғыланды. Бұл қадам мұнай саласының ұзақ және қарқынды дамуына серпін берді. Тарихи сәт өңір экономикасы үшін жаңа көкжиектер ашып қана қоймай, Қазақстанның байлығы мен әлеуетін арттырды.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС -і мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесін салтанатты түрде атап өтті.
Еркін Жұмаділ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де 33 жыл жұмыс істеді. Ол өз жолын тауар-шикізат цехының операторынан бастап, кейін қоғаммен байланыс жөніндегі маман болды. Оның айтуынша, зауыттың дамуына көп жылдар үлес қосқанын мақтан тұтады және әрдайым кәсіпорынның маңызды оқиғаларына үнемі қатысады.
Шымкент мұнай өңдеу зауыты, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-і 1985 жылы салынған — бұл мұнай өңдеу саласындағы Қазақстанның ірі кәсіпорындарының бірі. Заман талабына сай, соңғы жылдары зауыт жаңғыртылды, бұл өнімнің сапасын едәуір арттыруға және мұнай өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Зауыт, сонымен қатар, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған технологияларды енгізуде белсенді жұмыс істейді.
Қазақстандық мұнайдың 125 жылдығын мерекелеу — бұл тұрақты даму және экологиялық жауапкершілікті ұстанып, жетістіктерді бағалау және болашаққа перспективаларды белгілеу мүмкіндігі. Шымкент мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері қауіпсіздікке, сапаға және инновацияға басымдық бере отырып, өз жұмысын жалғастыруға дайын.