Полицей тұрғындардың түнгі ұйқысының тыныш болуына себепші болды

37
Видеодан скрин

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданына қарасты ойын сауық мекемесінің қызметіне тұрғындар біршама уақыттан бері шағымданып келген еді. Күнделікті даңғырлаған музыка, айқай шу тұрғындардың тыныштығын алған болатын.

Қала тұрғыны Гүлнара Нұрғожаева аталған мәселені шешіп бергені үшін тәртіп сақшысына алғыс айтты. «Ақшоқы көшелерінің тұрғындарының жағдайына араласып, жоғары кәсіпқойлығы, адами жанашырлығы мен түсіністігі үшін Шымкент қалалық полиция бөлімінің қызметкері, учаскелік инспектор Болат Асхатқа үлкен алғысымды білдіремін. Ақбастау және Ерімбетов көшесінің бойында орналасқан мекеме жүйелі түрде түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын қашырған болатын. Болат Асхат аталған мәселені сауатты түрде шешті. Аталған ойын-сауық кешені тыныштықты бұзып, сонымен қатар заңды бұзып қана қоймай, көптеген жанжалды жағдайларды туғызған болатын. Аудандық полиция аға қызметкері, полиция капитаны Болат Асхаттың бұл мәселені шешудегі сауаттылығының арқасында жағдай түбегейлі өзгерді, бұл тұрғындардың тыныш ұйықтауына мүмкіндік берді», делінген алғыс айтқан хатта.