Полиция Түркістан облысының тұрғынының көлігінен есірткі тәркіледі

23
фото ТОПД

Келес ауданында учаскелік полиция инспекторлары қызметтік міндеттерін орындау барысында есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтап, жергілікті тұрғыннан марихуана тәркіледі.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер Келес өзені жағасынан «AUDI» маркалы автокөлікпен келе жатқан күмәнді ер адамды тоқтатты. Тәртіп сақшылары жүргізушіні тексеру кезінде көліктен «марихуана» есірткісіне ұқсас заттарды тапты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.
Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде және оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.