Полиция инстаграм арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

33
фото ТО ПД

Сайрамдық полицейлер алаяқтық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер азаматты қолға түсірді. Анықталғандай, арызданушылар инстаграм әлеуметтік желісіндегі жалған интернет-дүкен парақшасы арқылы алданған.

Яғни әлеуметтік инстаграм желісінде күдікті жігіт үй жиһазын жеткізетіндігін айтып, сенімдеріне кіріп, 4 бірдей тұрғынды алдап үлгерген.
Онда жалған парақшасында жиһаз сатылып, жеткізетінін хабарлап,
тұтынушыдан алдын-ала төлем жасауын сұраған. Ал ақшаны алғаннан кейін,
сол күйі кері байланысқа шықпаған. Жәбірленушілерге 1.200000 теңге
шығын келтірген. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.