Полиция танысынан көлік ұрлаған күдіктіні ұстады

29
фото ТО ПД

Мақтааралдық полиция қызметкерлері құны 1.600 000 теңге болатын «Daewoo Nexia» автокөлігін ұрлауға қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады.

Күдікті ер адам жәбірленушінің танысы болып шықты. Яғни көлік иесі көлікті жанар май бекетіне қойып, жұмысына кеткен. Осы сәтте көлікті сырттай бақылап жүрген танысы оған ескертпестен көлікті діттеген жеріне айдап кеткен.
Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті Шымкент қаласынан тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.