Полиция жасөспірімдерге логикалық ойындар арқылы қылмысқа бармауды жеткізді

34
фото ТО ПД

Түркістан облысы полициясының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі логикалық ойындарды ойнату арқылы профилактикалық шара өтті.

Яғни Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Сауран ауданында орналасқан «URKER» балаларды сауықтыру лагерінде демалушы оқушылармен кездесті. Кездесу аясында полицейлер электронды темекі мен вейптің зияны жайлы айта келіп, лудоманияға, нашақорлықтың, вандализмнің алдын алуға және олардың қайғылы салдарына ерекше назар аударды.
– Біз мұндай профилактикалық шараларды ақпараттық және логикалық ойындар түрінде тұрақты негізде жүргіземіз. Демек балалар ойын ойнау арқылы заңды тұрғыдан сауатты болады. Олар заңның нормалары мен талаптарын білуге қызығушылықтары артады. Профилактикалық шара барысында жасөспірімдер өздерін мазалаған және білгісі келген көптеген сұрақтарын қойды. Оларға толық жауап беруге тырыстық, – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Дінислам Перменов.