Полициядағы қоғамдық көмекшілер 176 қылмысты ашуға көмектескен

31
фото ТО ПД

Полиция органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі – меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу және болған қылмыстарды ашу. Ағымдағы жылдың 7 ай қорытындысымен бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының саны 40,7 пайызға, оның ішінде мал ұрлығы 44,6 пайызға төмендеді.

Осы ретте Полиция департаментінің қалалық, аудандық полиция құрылымдарында қоғамдық тәртіпті сақтауға, мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу шараларына 587 азамат «қоғамдық көмекші» болып тағайындалып, жұмыс атқаруда. Қоғамдық көмекшілер учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
▫️Нәтижесінде қоғамдық көмекшілермен жалпы 176 қылмыс ашылса, оның ішінде 46-сы бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары, 3-еуі мал ұрлығы қылмыстары.