Қазынашылық департаментінің қызметкері 8 млн. теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.
Прокуратураның мәліметінше ол Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» есепшісімен сөзбайласып, мекеме мамандарының санын ұлқайту арқылы қомақты қаражатты қалтаға басқан. Қазір жауаптылар тергеу жұмысын жүргізіп жатыр.
«Тексеру нәтижесінде жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзу, жеке қаржыландыру жоспарын негізсіз қолдау, үнемделген қаражатты басқа бюджеттік бағдарламаларға аудару секілді фактілер анықталды. 05.07.2024ж. облыс прокуратурасы жинақталған құжаттарды сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу фактісімен тіркеп, тергеу жүргізуді Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырды», — дейді Түркістан облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.