Қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлердің назарына!

27

Тамақ өнімін өндіретін, қоғамдық тамақтану және азық түлік өнімдерін сатумен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің назарына!!!

Көптеген қызметін жаңадан бастаған объектілер, сондай-ақ қолданыстағы эпидемиялық маңызы бар объектілер, объект қызметін жүргізуге қойылатын басты талаптарды ескере бермейді.
Қазақстан Республикасының 16.05.2014ж. № 202-V ҚРЗ «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы ДСМ № ҚР ДСМ-220/2020 30.11.2020 жылғы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні елеулі объектілер тізімін бекіту туралы» бұйрығының қосымшасындағы 3,4 тармақтарындағы объектілердің қызметіне қатысты жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар рұқсат беру немесе хабарлама түсіру тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды), тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны түсірмей жүзеге асыру ҚР ӘҚБ Кодексінің 463 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер объект қызметіне рұқсаттар алу мен қызметін бастағаны туралы хабарлама бермес бұрын объектіні қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге сәйкестендіруі қажет.
Осы бағытта Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиялық мәні жоғары объектіге рұқсат беру құжатын алу және эпидемиялық мәні болмашы объекті бойынша хабарлама түсіру үшін электронды форматта өтініш беру алгоритмін ұсынады.
-Эпидемиялық мәні жоғары (ұйымдасқан ұйымдардағы, атап айтқанда емдеу профилактикалық мекемелері мен өндіріс нысандарындағы асханалар мен азық-түлік сауда орындары; қуаттылығы 50 орыннан жоғары тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері; тамақ өнімдерін өндіру объектілері: кремді кондитер өнімдерін өндіру, сүт, ет, құс етін, балық өңдеу, ұн тарту, макарон, май, тұз, қант, алкоголь, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру, арнайы тағам өнімдерін, ауылшаруашылық өнімдерді, жемістерді өңдеу, наубайхана, азық-түлік өнімдерін көтерме сақтау, сату) объектілері бойынша:
— ЭЦҚ-ны (электронды цифрлық қолтаңба) алу;
— www.elicense.kz порталына тіркелу;
— «Денсаулық сақтау» бөліміне кіріп, «Рұқсаттар», эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативті-құқықтық актілерге немесе гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру және тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру, жобаларға, өнімге санитриялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (керегін таңдау);
— Қызметке тапсырыс беру – (аумақтық департаментті немесе аудандық басқарманы таңдайсыз), «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығының 8 қосымшасында көрсетілген объект қызметіне сай жүргізілген зертханалық зерттеулердің хаттамасын қоса тіркеу;
— ЭЦҚ арқылы қол қою;
— Эпидемиялық мәні болмашы объект (қуаттылығы 50 және одан төмен тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері, отыратын орны жоқ тапсырыспен тағамдарды, аспаздық өнімдерді өндіретін кәсіпорындар; тағам өнімдерін автоматты аппаратта дайындау; тамақ өнімдерін өндіру объектілері: кремсіз кондитер өнімдерін, ұнның жартылай фабрикаттары, чипсы, кептірілген нан, жүгері таяқшалары, казинак, шемішке, құрғақ таңертеңгілік ас, слайс, қант мақтасы, поп-корн, қуырылған жаңғақ өндіру; дайын тағам өнімдерін қораптау; тағам концентраттары мен қышқылын, шай, ашытқы, желатин (сірне), крахмал өндіру; тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, жүзеге асыратын ұйымдар мен көлік құралдары (автомобиль); азық-түлік базарлары, көтерме және бөлшектеп сату сауда орындары) қызметінің (пайдалануының) басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу бойынша:
— ЭЦҚ-ны (электронды цифрлық қолтаңба) алу;
— www.elicense.kz порталына тіркелу;
— «Денсаулық сақтау» бөліміне кіріп, «Хабарламалар тәртібі», эпидемиялық мәні болмашы объект қызметінің (пайдаланудың) басталғаны немесе тоқтағаны туралы хабарлама;
— қызметке тапсырыс беру (Шымкент қаласының аумағы бойынша аудандық басқарманы таңдайсыз);
— хабарламада объект туралы қажетті ақпаратты көрсету қажет, жұлдызшамен белгіленген барлық бағандарды толтырасыз (*);
— жүзеге асыратын қызмет түрін көрсетесіз (мысалы: балмұздақ сату сауда нүктесі);
— ЭЦҚ-мен хабарламаға қол қоясыз (хабарлама мен талонды жүктеп аласыз).
Жоғарыда баяндалғанды түйіндей келе, эпидемиялық мәні жоғары нысандар заң талаптарына сай қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге сәйкестігі жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде қызметін жүргізуге тиіс болса, эпидемиялық мәні болмашы нысандар, бірінші кезекте нысан қызметін қолданыстағы нормативті құқықтық актілер талаптарына сәйкестендіріп, онан соң қызметін бастағаны жөнінде нысанның орналасқан мекен жайы бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлама беруі тиіс.

А. Даулетова,
Шымкент қ. СЭБД бөлім басшысы