Қылмыстық топ қолға түсті: “Дикий Арманның” сыбайластары болуы мүмкін

46
фото : ҚР ІІМ

Шымкент пен Алматы қалаларында “Дикий Арманның” сыбайластары болуы мүмкін деген күдіктілер ұсталды. Мамандардың сөзінше қылмыстық топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, бостандықта жүргендері заңсыз әрекеттерін жалғастырып келген.

Күдіктілерді тінту кезінде атыс, травматикалық және суық қару, сондай-ақ олардың құқыққа қайшы қызметінің өзге де заттай дәлелдемелері тәркіленді. Бүгінде 15 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қуандық Алпыс, ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы: «Бұдан басқа, ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшылары мен негізгі қатысушылары отырған мекемелерде жедел жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу және тиісті режимді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады»

Айта кетсек, соңғы екі жылда 140-тан астам осындай топтың қызметі тоқтатылды.