-Көлігіміз жол үстінде бұзылып қалды. Ешкім тоқтаған жоқ. Тек полицейлер көмекке келді, — дейді отағасы. Ол жұбайымен және 5 ұл-қызымен Алматыда қонақта болып, Шымкент қаласы арқылы еліне қайтып бара жатқан. Жолда отбасылық автокөлік істен шыққан.
Қиын жағдайға тап болғандарды көшелерді патрульдеп жүрген экипаж байқап, бірден көмекке асықты.
Инспекторлар Ғабит Абдрахман мен Бақберген Жазықбай бұзылған көлік құралын жөндеу орталығына жеткізіп, қажетті қосалқы бөлшектерді тауып, алып берген.
-Көп-көп рақмет, Қазақстан! Балаларымызбен ыстықта жолда қалдық. Шымкент полицейлері бізге көмектесті. Үлкен алғыс, жұмыстарыңызға сәттілік! — , деп ризашылығын білдірді көрші елдің азаматтары.