Сарыағаштық жас математик республикалық кезеңнің жеңімпазы

28
фото САӘБҚ

Астана қаласында өткен республикалық «Алтын сақа» олимпиадасында ауданымыздың зерек оқушыларының бірі Тасболат Мұстафа II орынды иеленіп, ауданның мерейін асқақтатты.

2024 жылдың 19 тамызында 3-4 және 5-6 сынып оқушылары арасында өткен республикалық сайыс математика пәнінен мықтыларды анықталып, жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларды марапаттау шарасымен жалғасын тапты.
Сарыағаш қаласындағы №6 Ж. Аймауытов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы Тасболат Мұстафа мектепішілік, ауыл, қала, аудан, облыстық іріктеулерден сүрінбей өтіп, білім бәйгесінде оза шапты. Өзінің де, ұстазының да есімі ұлықталып, ынталандыру сыйақысын жеңіп алды. Жетекшісі- Махтмова Ақмарал Есеналиевна.
Сонымен қатар, Астана қаласындағы ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінің концерт залында өткен марапаттау кешіне Сарыағаш аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Р.Камалдин де қатысып, арнайы марапатқа ие болды.